Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Бастауыш сыныптар әдістемелігінің онкүндігі
25 ақпан 2019

Бастауыш сыныптар әдістемелігінің онкүндігі

Онкүндік тынысы:
Онкүндіктің төртінші күнінде бастауыш сынып мұғалімі Культеренова Айнур Мақсұтбекқызы 2 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Зат есім» тақырыбында қайталау сабағын өткізді. «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша ұйымдастырылған сабақ та бірнеше жұмыс түрлері зат есімді қайталауға, жүйелеуге және қолдана білуге бағытталған. Қалыптастырушы бағалауды мұғалім киіз үйді үш түрлі оюлармен әшекейлеу арқылы жүзеге асырды. Әр тапсырманы орындап болған соң оқушылар өз берген жауаптарына сай бағалап, ою (көк ою-жоғары, сары ою- жақсы, қызыл ою- орташа) жапсырып отырды. Балалар өздерін әділ, шынайы бағалай алды. Шығармашылық тапсырмалар да оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын арттыруға арналған.

Сонымен қоса, «Мен елімнің ертеңі» деген атпен флешмоб ұйымдастырылды. Мақсаты: «Болашвқ еліміздің тірегі өздері екендіктерін сезіне білу, , патриоттық сезімдерін қалыптастыру және көңіл-күйлерін арттыру.» .Ж.А. Магамадиева мен А.К. Аметовалар флешмобтың мақсатымен таныстырып, елдің болашағы өсіп келе жатқан жас буын екендігін айтып өтті.