Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Күз жәрмеңкесі
18 қазан 2023

Күз жәрмеңкесі

Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз. Бұл күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.
Бүгін де мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша жәрмеңке өтті. Мақсаты: «Арпа бидай ас екен, асыл күміс тас екен» — демекші, Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау. Оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру барысында сыныптың жабдықталуына қаржылай үлестерін қосу. 1-11 сынып қатысқан бұл жәрмеңке де өте жақсы деңгейде өтті. Оқушыларымыздың еңбегі еселене берсін демекпіз !