Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Мектеп директорлар семинары
03 мамыр 2017

Мектеп директорлар семинары

 

2017
жылдың 28 сәуірінде «№236 орта мектебі» КММ-де «Тиімді көшбасшылық:
көзқарас , бағыт, даму» тақырыбында аудандық мектеп директорларының семинары
өткізілді. Семинардың мақсаты: оқытудың интербелсенді әдістері арқылы семинарға
қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін
дамыту. Семинар 3 кезеңнен тұрды:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Практикалық кезең

3. Шығармашылық кезең

Семинардың ұйымдастыру
кезеңінде мектеп директоры У.Е.Ильясова «Көшбасшы қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны
топтың
ашық немесе жабық келісімімен
атқарады»
деген тұжырымдаманы шахмат ойынындағы әдістер арқылы дәлелдеп, көшбасшының
стратегия құруға және аналитикалық ойлау қабілеті жоғары болу керектігін айтып
өтті. Сонымен қатар, әр сатыдағы көшбасшының бойына тән қасиеттерге тоқталып
өтті.

Ұйымдастыру кезеңінің соңында
«Лото» ойыны арқылы мектеп директорлары 3 топқа бөлініп, келесі кезеңдердің
іс-шараларына қатысты.

Әр кезең 3 түрлі іс-шарадан
тұрды.

2 кезең барысында ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі Б.С.Алтаева 5 сыныпта саяхат сабағы түрінде  шеберлік сынып өткізді. Сабақтың тақырыбы « I
went to America». Сабақ барысында постермен жұмыс, Америка Құрама Штаттары
еліне саяхат, планшеттер арқылы жұмыс, рөлдік ойындар сияқты әдіс-тәсілдер
қолданылды. Жалпы сабақ, Финляндия елінің білім жүйесіндегі сабақ жүргізу
үлгісімен ұйымдастырылды.

Осы кезеңде пилоттық жоба
бойынша химия және информатика пәндерінен кіріктірілген сабақ өткізілді.
Сабақты химия пәнінің мұғалімі А.А.Аманжолова мен информатика пәнінің мұғалімі
К.Б.Бузаухаев ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушылар үштілділік жүйесі бойынша
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ тақырыбын меңгерді, түрлі тапсырмалар
орындады.

Осы кезеңде орын алған тағы бір
іс-шара – «Оқу-тәрбие үрдісіндегі модерация» тақырыбында өткізілген тимбилдинг.
Іс-шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ж.Ахметжанова мен
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Оспанова ұйымдастырды. Іскерлік ойын
барысында келген қонақтарға бейнеталдау, логикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған
тапсырмалар беріліп, пікірталастар арқылы модерация ұғымы ашылды. Жалпы,
өткізілген іс-шараның түрі тимбилдинг екендігі көрсетіліп, оның өткізу
ерекшеліктеріне тоқталып кетті.

3 кезеңнің
барысында шығармашылық платформа ұйымдастырылды. «Ізденіс, даму, табыс»
тақырыбы аясында А.К.Тишкамбаева және А.А.Құсайнов бейнелеу өнерінен және А.Ж.Токенова
технологиядан келген қонақтармен жұмыс жасады. Шеберханада қонақтар өз таңбасы
бар бояу әлемінде шығармашылықтарын көрсетті. Ақ парақ бетіне өздерінің
қиялдары арқылы бір заттың бейнесін бояп, өз ой –пікірлерімен бөлісе отырды.
Сурет салу әдістері ретінде жіппен, май шамымен, түтікшемен суреттер салынды,
«айрис-фолдинг» әдісі қолданылды. Іс-шараның нәтижесінде, мектеп директорларының
орындаған жұмыстарынан шығармалар галереясы жасалды.

Осы кезеңде
әйел басшыларға арналған «Сенімділік – менің серігім» арт-коучинг өтті. Арт-коучинг
адамның ішкі үәжін арттыру, оның өмірлік ұстанымдарын дұрыс таңдауға
бағытталған. Түрлі маталарды қолданып, қатысушылар өздерінің ішкі дүниелерін
сипаттады. Маталардан композициялар жасап, өздерінің отбасыдағы
қарым-қатынастары туралы сипаттама алды.

Осы кезеңде
педагогикалық идеялар шеберханасы барысында Қазақстанда қазіргі таңда іске
асырылып жатқан жаңартылған білім мазмұнына байланысты бастауыш сыныптарының
мұғалімдері Л.Н.Оспанова мен Ж.К.Абжатованың ұйымдастыруымен коучинг өткізілді.
Мектеп директорлары тапсырмалар орындап, ХХІ ғасыр оқушыларының моделін
құрастырып, жаңартылған білім беру бағдарламасында, ең алдымен, мұғалім өзінің
көзқарасын, әдіс-тәсілдерін өзгерту екендігі туралы тұжырымдамаға келді.
Көшбасшыларға ұстаз сындарлы ойлауларын байқау мақсатында проблема тастай
отырып, қиялын дамыту жаттығулары ұсынылды. Мұндағы мақсат – оқушыларды да
жетістікке жетелеудегі маңыздылығының зор екендігін ашып көрсету болды.  

Жалпы, семинар қойған мақсатына
жетті. Келген қонақтар «Еркін микрофон» әдісі арқылы рефлексия жасап, өздерінің
пікірлерін білдірді.

Ашылуы 

Мектеп директорлар семинары

 

Тимбилдинг

Мектеп директорлар семинары

Мастер класс

Мектеп директорлар семинары

 

Пилоттық жоба

Мектеп директорлар семинары

 

Шыт терапиясы

Мектеп директорлар семинары 

 Педагогикалық идеялардың шеберханасы

Мектеп директорлар семинары

Шығармашылық платформасы

Мектеп директорлар семинары

28 апреля 2017 года в КГУ «Средняя
школа №236» был проведен районный семинар для директоров школ на тему «Успешное
лидерство: взгляды, направление, разитие». Цель семинара: используя
интерактивные методы обучения повысить профессиональные компетенции участников
семинара и развитие их лидерских качеств. Семинар состоял из 3 блоков:

1.Организационный блок

2. Практический блок

3. Творческий блок

Во время организационного блока
директор школы Ильясова У.Е. через использование элементов игры в шахматы показала
насколько важным для лидера является качество умения выбирать правильные
стратегии в руководстве и насколько высоким должен быть уровень аналитического
мышления. Вместе с этим, она сумела остановиться на качествах лидера, присущих
ему на разных этапах его становления.

В этом блоке через игру «Лото»
гости были разделены на три группы. Каждый из гостей получил возможность
присутствовать на одном из мероприятий последующих блоков.

 

Каждый блок включал в себя 3 мероприятия.

Практический блок включает в
себя мастер-класс по английскому языку, пилотный проект и тимбилдинг.

Во время этого блока учитель
английского языка Алтаева Б.С. провела

мастер-класс в качестве открытого урока по английскому
языку в 5 классе. Урок был проведен в форме урока-путешествие. Тема урока: « I went
to America». В ходе урока дети выполняли задание по составлению постеров,
совершили путешествие в США, работали с планшетами, участвовали в ролевых
играх. В целом, урок был разработан и проведен по образцу уроков финской
системы образования.

В этом блоке по пилотному
проекту учителя Аманжолова А.А. и Бузаухаев К.Б. провели интегрированный урок
по химии и информатике. Во время урока
учителя по программе внедрения полиязычия в систему образования смогли
организовать работу учащихся на трех языках: казахском, русском и английском.

Еще одно мероприятие в
данном блоке – тимбилдинг на тему «Модерация в учебно-воспитательном
процессе». Мероприятие было организовано и проведено заместителями директора
школы по учебной работе Ахметжановой Ш.Ж. и воспитательной работе Оспановой
А.К. В ходе тимбилдинга гости через
анализ видеофрагмента, выполнение логических заданий, обсуждение раскрыли
понятие модерации и показали, насколько приемлемо использование модерации в
учебно-воспитательном процессе. В целом, было также раскрыто понятие о
тимбилдинге, о его чертах и приемлимости.

Одно из
мероприятий 3 блока – творческая платформа на тему «Поиск, развитие, успех».
Тишкамбаева А.К. и Кусайнов А.А.организовали работу с гостями по
изобразительному искусству, а Токенова А.Ж. – по технологии. В мастерской гости
смогли проявить свои творческие способности, используя для рисования нитки,
восковые свечи, трубочки и метод «айрис-фолдинг». На белых чистых листах с
помощью воображения участников появлялись шедевры творческих работ. В итоге, все работы гостей были представлены в
качестве художественной галереи.

Параллельно
этому мероприятию для женщин –руководителей был проведен арт-коучинг
на тему «Уверенность – мой партнер». Арт-коучинг
был направлен на повышение мотивации расстановки внутренних ресурсов человека,
правильной расстановки жизненных приоритетов. Используя различные ткани
тактильными ощущениями они раскрывали свой внутренний мир. Создавая различные
композиции из тканей они получили ответ о межличностных отношениях в семье.

В этом блоке
учителя начальных классов Оспанова Л.Н.и Абжатова Ж.К. провели коучинг по
обновленной программе содержания в системе образования, которая была внедрена в
школах Казахстана с сентября 2016 года. При выполнении задания директора школ
смогли составить модель учащегося ХХІ века и пришли к выводу о том, что для
учителей, преподающих по обновленной программе содержания необходимо улучшить
свои взгляды, убеждения и методы преподавания.

В целом, семинар достиг своих
целей. В итоге была проведена рефлексия и гости семинара смогли через
«Свободный микрофон» выразить свое мнение о ходе семинара.