21
қаңтар 2020
Мектеп түлектерімен кездесу
Күні кеше ғана мектеп табалдығырын аттап басып келген оқушыларымыз бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарының студенттері. Мектебімізде Рухани жаңғыру аясында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» атты мектеп түлектерімен кездесу өткізілді. Түлектермен спорттық сайыстардан бастап, кешкі студия қонығы болып қайтты. Келешек студент болам оқуға түсем деген оқушыларымызға үлкен жақсы әсерін тигіздіме деп сенеміз.Ел болашағы – білімді де білікті жастардың қолында екенін естен шығармауымыз қажет. Жастарға осы жолдан тайынбай, еліміздің үміті мен сенімін ақтар сауатты тұлғасы болып қалыптасуларына тілектеспіз!



