Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы
08 ақпан 2019

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

05.02.2019 ж.
«Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп Елбасымыз айтқандай, оқушылардың өзіндік шығармашылығын, іскерлік әуелетін, шешендік өнерін, ойлау сапасын және жылдамдығын дамыту мақсатында 6 ақпан күні «Ақыл-парасат, ерік –жігер және жүрек»тақырыбында мектептің тәлімгері А.Н.Баймурзаевтың жетекшілігімен 8-9 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді. 2019 жыл – «Жастар жылы» жарияланып, біздің жастарымыз еліміздің болашағын қолға алуға дайын ба деген ой талқыға салынды. М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген сенімді біздің жастар ақтай ала ма, біздің жастардың бойында ақыл-парасат, ерік-жігер қаншалықты орын алған деген мәселе түрлі пікірлер туындатты. Пікір алмасушылар біздің еліміздің жастарына мейрімділік, қайырымдылық деген құндылықтар жат еместігіне қорытынды жасады.
Ең бастысы, Қазақстандай Елімізде керемет өмір сүруге болатының өз сөздерімен жеткізді. Осы дебат отырысында үлкен әсер алып,жақсы тілектер, пікірлер айтылды.Қатысқан ата-аналар, ұстаздар болашақта мектепте осындай іс-шаралар жалғасын тапса деген ұсыныс жасады.