Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » денсаулық фестивалі-2019
09 қыркүйек 2019

денсаулық фестивалі-2019

6 – қыркүйек «Денсаулық» күні туралы
Мектебімізде 6-қыркүйек күні «Денсаулық күні» өткізілді. Атаулы күнді жоғары дәрежеде өткізу үшін мектеп ұжымы мен барлық сынып оқушылары толықтай қатысты. «Денсаулық күнін» ұйымдастыру барысында бірнеше іс-шаралардан тұратын арнайы жоспар құрастырылды. Салауатты өмір салтын ұстану күніміз «Қара жорға»әуенімен таңғы жаттығу жасаудан басталып, мектеп алаңында сурет салуға, қашықтықтан жүгіруге, эстафеталық ойындарға, футбол ойынына, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ойындарына ұласты, мектеп ұстаздары мен ауыл үйлері арасында волейболдан жарыспен жалғасты. «Денсаулық күнінің» өткізілуі шыныққан, шымыр болашақ өскелең ұрпаққа берері мол болды.

денсаулық фестивалі-2019