03
мамыр 2019
Фестиваль-2019
«Ұлт достығы — ел ынтымағы»
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы — бірлік, ел іші тату — тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеге орай біздің мектебімізде дәстүрге айналған «Ұлт достығы — ел ынтымағы» атты фестиваль өткізіледі. Биылғы жылы да әр сынып бір ұлт өкілінің ұлттық киімдерін, сол ұлттың тілінде сәлемдесеуін, ұлттық биін ұсынды. Мерекенің ашылуына байланысты «Таугүлі» ән-би үйірмесі қатысушыларының орындауында «Бейбітшілік әлемі» атты би композициясы және 1-2 сынып оқушыларының орындауында қазақ билері орындалады.
Фестиваль нәтижесінде ауылымзың ардақты әжелері, өзге ұлт өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы «Үздік ұлттық би», «Үздік сәлемдесу»,»үздік ұлттық киім» аталымдары бойнша фестиваль қатысушыларын марапаттады. үлкен мейрамға айналған фестиваль қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шығып, 5 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстан» әнімен аяқталды.