Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы
13 ақпан 2019

Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

12.02.2019 жылы
«Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған сынып сағатары 5-11 сыныптарда өтті. Оқушыларға Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары,еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы мағлұмат берілді. Балалар өздерінің дайындаған көріністерін қойып,әндер шырқады.
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатымен бастауыш сыныптарда «Мейірімділік- асыл қасиет» «Өзін-өзі тану» сабақтары өтті. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірінің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікке және еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 78-жылдық мерейтойына арналған «Жақсылық жасауға асығайық»» тақырыбында ән-би фестивалі өтті. Музыка сабағының мұғалімі Оспанбетова А.А. басшылығымен 9 сынып оқушылары махаббат оқиғасынан сахналық үзінді қойылымын арнады. Аталған концертке3- 7 сынып оқушылары ән айтып,би биледі. Оқушылар белсені қатысты.