Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Жалпы ата-аналар жиналысы 2022-2023 оқу жылы
13 қаңтар 2023

Жалпы ата-аналар жиналысы 2022-2023 оқу жылы

13.01.2023ж мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі ІІ тоқсан қорытындысы, оқушылардың үлгерімі бойынша оқу ісінің меңгерушісі Н.К.Кусаинов есеп берді. Келесі мәселе, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жарма АПБ ЖПКБ аға УПИ полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары: Мамилов Медет Калымжанович, Муратов Ринат Мирланұлы оқушылардың жалпы тәртібі және кешкі уақытта заңды өкілінсіз шектеулі уақыттан кейін жүрмеу керектігін ескертіп, буллинг, кибербуллингке тоқталып, әлімжеттік, зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарымен таныстырды. Үшінші мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.К.Мухаметхвнова оқушылардың сабаққа келуі мен мектеп формасы бойынша ақпарат берді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер мектеп директоры Е.М.Сейткожиновтың қатысуымен талқыланды. Жиналыс соңында ата-аналар мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, балаларының білімі мен мектептегі тәртібімен танысты.