Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Бастауыш сыныптар әдістемелігінің онкүндігі
25 ақпан 2019

Бастауыш сыныптар әдістемелігінің онкүндігі

Онкүндік тынысы:
Онкүндіктің үшінщі күні математика күніне арналды. Бұл күні 1 «А» сыныбында С.Н. Искакова математика пәнінен «Санды өрнектерді салыстыру» тақырыбында бекіту сабағын өткізді. Сабақта оқушылар осы тақырып бойынша білімдерін көрсетіп, қызығушылықпен қатысты. Сабақ өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Сабақ та кері байланыс түрлері мен қалыптастырушы бағалау түрлері 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынған. Тапсырмалар қызықты,әрі оқушылардың сындарлы ойлауларын дамытуға , танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған.

Осы күні 2 ауысымда да үлкен үзілістерде «Математика әлемінде» деген тақырыппен топтық математикалық сайыстар жүргізілді. Бұл шаранық мақсаты. Оқушылардың логикалық ойлауларын дамыта отырып, математикалық танымдарын арттыру.
Бұл сайыста түрлі тапсырмалар ұсынылды. «Ғажайып фигуралар» турында фигуралардан түрлі бейнелер жасаса, екіншілері шилерден берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады. Сонымен қоса логикалық тапсырмаларға да белсенді қатысты.