Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
28 қараша 2018

Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі

28 қараша күні №236 орта мектебінде «Рухани жаңғыру: жаңғыру кілті білімде атты жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында математика пәндерінің мұғалімдері Ш.Ж.Ахметжанова мен А.К.Нуртазинованың ұйымдастыруымен жасөспірімдердің ойлау қабілетін арттыру, оқушылар арасында спидкубинг өнерінің белсенділігін көтеру, қабілетті оқушыларды анықтау және жетілуіне мүмкіндік беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектепішілік Спидкубинг өткізілді. Сайыс 3 номинация бойынша өткізілді: «Бастау» номинациясы — Рубик кубигін құрауды енді ғана бастап жүргендер, «Пирамида» номинациясы –Рубик пирамидасын құрау және «3х3х3» текшесін жылдам құру номинациясы. Жалпы сайысқа28 оқушы қатысты. Сайысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Н.К.Кусаинов, Ж.Т.Топенов, С.М.Қажанов бағалады.
Жүргізушілер сайыс барысында осы ойынның шығу тарихымен, оның авторы Эрно Рубиктің өмірбаянымен таныстырып, Қазақстан спидкубинг чемпионатына 2009 жылдан бері қатысып келетіндігі туралы қызықты мәліеттер ұсынды. Сол жылдарда жалғыз ғана үміткеріміз әлемдік сындарға барса, 2016 жылы олардың саны 16-ға дейін өсті.
Турнирдің нәтижесі бойынша әр номинацияға сәйкес спидкуберлер – чемпиондар анықталып, марапатталды.

Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі
Кубик-Рубик текшесін жинақтау турнирі