Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Ешкімде ештеңе де ұмытылмайды
13 мамыр 2019

Ешкімде ештеңе де ұмытылмайды

Мамыр айының алғашқы күндеріндемтойланатын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні — баршамызға ортақ мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді.
Осы мерекеге және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай біздің мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында патриоттық өлеңдер оқылса, «Алау» әскери-патриоттық жарыста жоғары буын оқушылары болашақ сарбазға тән сайыс кезеңдерінен өтіп, күш сынасып, 5-7 сынып оқушылары арасында әскери-саптық әндер байқауы өткізілді. Бұл байқаудың нәтижесінде сыныптар «Үздік топ», «Үздік киім үлгісі», «Үздік саптық жүріс», «Үздік саптық ән», «Үздік бөлімше командирі» аталымдары бойынша марапатталды. Мерекеге орай іс-шаралардың қатарын мерекелік концерт және 9 мамыр күні мектеп оқушыларының Жаңғызтөбе кентіндегі ескерткішке аза гүлшоқтарын қою жалғастырды.
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз