Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«№236 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 474-25-67
Есепші бөлімі:
+7(723) 476-34-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
Басты » Ауған соғысының ардагерімен сұхбат
14 ақпан 2019

Ауған соғысының ардагерімен сұхбат

Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.




















Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар бар.Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы.Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер… Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық. «Ардагер аға алдында тұрсың, әдепті іні артында тұрсын» деген мақалды ұран етіп, біздің мектебіміздің ұжымы – оқушылары мен ұстаздары, ардагерлерді құрметтеуден тыс қалмай Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылғанауылымыздың тұрғыны, Ауған соғысының ардагері – Қоқымбеков Дәулетбек Әуесханұлымен «Сыр сұхбат» бағдарламасын өткізді. Кездесу барысында қонағымыз өзінің Ауған соғысына қатысып, азаматтық борышын өтеп қайтып, қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген сәттерімен бөлісті. Дәулетбек ағамыз бағдарламаның соңында естелік ретінде бірге түскен фотосуретіне қолтаңбасын қойып, мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.