22
қараша 2018
Қарттар күні
1-қазан күні — Халықаралық қарттар күніне орай №236 орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы белсенділерінің уймдастыруымен ауылымыздың қарттарына құттықтау парақшалары таратылып, ауылымыздың тұрғыны, тыл ардагері Иванова Вера Романовнаның уйіне 8-9 сынып оқушыларынан құралған «Тимуршылар» командасы барып, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті. Сонымен қатар, 3 сыныптардың сынып жетекшілері Ж.К. Абжатова мен А.К. Аметованың ұйымдастыруымен ауылымыздың қарт әжелері Мухаметкалиева Самиға мен Жакупова Нуркамал апалары «Сыр сұхбат» бағдарламасына қонаққа шақырылып, «Әжемнің кеңесі» тақырыбында 3 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Бағдарлама соңында қонақтар смайликтер арқылы бағдарламаларға баға беріп, ризашылығын білдірді.




